×
$
462.31
536.09
5.34
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
462.31
536.09
5.34

Венесуэла ОПЕК-тен шығуы мүмкін: Трамп не деді

Бүгін, 10:38
Венесуэла ОПЕК-тен шығуы мүмкін: Трамп не деді
Ulysmedia

АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэланың ОПЕК-тен шығу туралы шешімді өз бетінше қабылдауы керек екенін айтты. Венесуэла ұйым құрамында 60 жылдан астам уақыттан бері бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Трамп не деді?

Журналистер Венесуэланың ОПЕК-тен шығуы мүмкін екенін сұрағанда, АҚШ президенті бұл мәселені тек елдің өзі шешетінін айтты.

— Бұл – олардың шешімі, — деді Трамп.

Бұған Венесуэланың ОПЕК құрамынан шығу мүмкіндігін қарастырып жатқаны туралы ақпарат себеп болған.

АҚШ Венесуэланың мұнай саласына ықпалын күшейтті

Қаңтарда Николас Мадуроны америкалық күштер қолға түсіргеннен кейін Вашингтон Венесуэланың мұнай секторына бақылауын күшейтті. Кейін АҚШ пен Венесуэла ірі халықаралық трейдерлердің қатысуымен мұнай жеткізу туралы келісім жасасты. Осыдан кейін Венесуэла мұнайының АҚШ-қа экспорты артқан.

Жақында Трамп тағы бір ірі келісім туралы мәлімдеді. Оның аясында америкалық тарап Венесуэладағы 17 мұнай кен орнын игеруге қол жеткізуге тиіс. Олардың дәлелденген қоры шамамен 64 млрд баррельге бағаланады. Бұл – елдегі мұнай қорының шамамен бестен бір бөлігі.

Трамптың айтуынша, аталған кен орындары АҚШ-қа тәулігіне 1,5 млн баррельге дейін мұнай жеткізуді қамтамасыз ете алады.

Сондай-ақ Трамп Венесуэланың мұнай секторына инвестиция салуға дайын компаниялардың қатарында Exxon Mobil және Chevron бар екенін айтты. Алайда ол ықтимал инвестициялардың нақты көлемін ашып айтпады.