×
$
458.45
531.39
5.29
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
458.45
531.39
5.29

«Қазақтелеком» Тайынша қаласын жылдамдығы 500 Мбит/с жететін оптикалық желіге көшіріп жатыр

Бүгін, 17:40
«Қазақтелеком» Тайынша қаласын жылдамдығы 500 Мбит/с жететін оптикалық желіге көшіріп жатыр
"Қазақтелеком" АҚ Коммуникациялар және брендті ілгерілету департаменті

Солтүстік Қазақстан облысындағы Тайынша қаласының тұрғындары жылдам әрі тұрақты интернетке қол жеткізді. «Қазақтелеком» қаладағы бес көппәтерлі тұрғын үйге GPON технологиясы бойынша оптикалық желі салды. Мұнда абоненттер ескірген мыс желісінен талшықты-оптикалық желіге көшірілуде, сонымен қатар заманауи желіге жаңа пайдаланушылар да қосылып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тайынша қаласы Петропавл қаласынан 155 шақырым жерде орналасқан. Бүгінде шағын қала тұрғындарының ірі облыс орталықтарының халқы секілді сапалы интернетке деген қажеттілігі жоғары: үйлерде желіге бір мезгілде смартфон, теледидар, ноутбук және басқа да құрылғылар қосылады, тұтынылатын контент көлемі мен желіге түсетін жүктеме артып келеді. Осыған байланысты Тайынша қаласындағы бес көппәтерлі тұрғын үйде бұрынғы мыс инфрақұрылымы GPON технологиясы негізіндегі заманауи оптикалық желіге ауыстырылды. Бұл технология айтарлықтай жүктеме жағдайында да тұрақты қосылым мен жоғары жылдамдықтағы деректерді беру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

– Оптикалық желіге көшу қызмет сапасына бірден әсер етеді. Оптикалық желіде коммутация тораптары мен қосылыстардың ең аз саны пайдаланылады, бұл оның тұрақтылығын және зақымдануға төзімділігін арттырады. Мыс желісі өз ресурсын толықтай пайдаланып болды, оған қоса оларға түсетін жүктеме де жоғары еді. Қазір ең жоғары жүктеме сағаттарында да интернет жылдамдығы тұрақты түрде жоғары деңгейде сақталады, – деді Солтүстік Қазақстан желіге қол жеткізу департаментінің Тайынша ауданы желілік-техникалық цех бастығы Виктор Кудинов.

Ең алдымен жаңа инфрақұрылымға бұрын мыс желісі арқылы қызмет алып келген қолданыстағы абоненттер көшірілді. Қазіргі уақытта компания мамандары жаңа пайдаланушыларды да оптикалық желіге белсенді түрде қосуда.

Инфрақұрылымды жаңғырту нәтижесінде аталған үйлердің тұрғындарына жылдамдығы 500 Мбит/с жететін жоғары жылдамдықты интернет қолжетімді болды. Сонымен қатар компания мамандары жаңа клиентті компания қызметтеріне бір тәулік ішінде қоса алады.

– Жоғары жылдамдықты интернетке сұраныс күн сайын артып келеді. Жаңартылған инфрақұрылым бізге клиенттерді жылдамдығы 500 Мбит/с дейінгі интернетке қосуға техникалық мүмкіндік береді. Компания мамандары абоненттердің оптикалық желі арқылы қызметтерге барынша қысқа мерзімде қосылуы үшін барлық қажетті жұмыстарды атқарды. Бүгінде біз мұны бір тәулік ішінде жүзеге асыра аламыз, — деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Солтүстік өңірінің коммерциялық қызмет жөніндегі өңірлік директоры Алена Ляпунова.

Жаңа технологияға көшкеннен кейінгі айырмашылыққа Тайынша тұрғындары да оң бағасын беріп үлгерді. Александра Холина компания қызметтерін тоғыз жылдан бері пайдаланып келеді. Оның айтуынша, оптикалық желіге қосылғаннан кейін үйдегі интернет тұрақты бола түскен. Бұл әсіресе желіні бір уақытта бірнеше адам пайдаланғанда анық байқалады.

– Оптикалық желіге көшкеннен кейін интернет тұрақты бола түсті, оны пайдалану әлдеқайда ыңғайлы болды. Үйде бір уақытта бірнеше құрылғыны қосамыз, сондықтан біз үшін интернет жылдамдығының төмендемегені маңызды. Қазір байланыс сапасына көңілім толады және заманауи технологиялардың біздің Тайынша қаласында да қолжетімді болғанына қуаныштымын, — деді Александра Холина.

Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысындағы телекоммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасады. 2026 жылы «Қазақтелеком» Бескөл, Талшық және Саумалкөл ауылдарында да талшықты-оптикалық желі салуды жоспарлап отыр. Оптикалық инфрақұрылымның кеңеюі аталған елді мекендердің тұрғындарына тұрақты желі негізінде жоғары жылдамдықты интернетті, цифрлық телевизияны және заманауи онлайн-қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді.