Швейцария Кристина Хонеггерді Қазақстан мен Тәжікстандағы жаңа елшісі етіп тағайындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Бұл туралы Швейцария елшілігі әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Дипломаттың Швейцарияның сыртқы саясат қызметінде 20 жылдан астам тәжірибесі бар.
– Біз алдағы жылдары елші Хонеггермен бірлесіп жұмыс істеуді асыға күтеміз және оған Қазақстан мен Тәжікстандағы жаңа қызметінде зор табыс тілейміз, – делінген хабарламада.
Дипломат туралы не белгілі
Кристина Хонеггер Швейцарияның Федералдық сыртқы істер департаментінде және шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерінде түрлі басшылық қызмет атқарған.
Сонымен қатар ол Федералдық сыртқы істер департаментінің Шығыс Еуропа және Орталық Азия бағытын басқарған. Осы қызметінде Хонеггер аталған өңірмен жұмыс істеуде мол тәжірибе жинақтаған.
Жаңа қызметіне дейін Кристина Хонеггер Швейцарияның Беларусьтегі елшісі болған.