×
$
455.86
528.84
5.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
455.86
528.84
5.25

Рыбакина US Open-2026 турнирінің үшінші айналымына шықты

Бүгін, 09:02
Рыбакина US Open-2026 турнирінің үшінші айналымына шықты
Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина «Үлкен дулыға» санатындағы маусымның соңғы турнирі – АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзінің 105-ракеткасы, испаниялық Джессика Бузас Манейромен кездесті.

Матч екі сетке созылып, Рыбакинаның 6:2, 6:4 есебімен жеңісімен аяқталды.

Теннисшілер кортта 1 сағат 8 минут өткізді. Осы уақыт ішінде қазақстандық спортшы жеті эйс жасап, төрт қос қателікке жол берді және алты брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Келесі қарсыласы кім?

US Open турнирінің үшінші айналымында Елена әлемдік рейтингте 58-орында тұрған украиналық Юлия Стародубцевамен кездеседі.