×
$
456.56
530.52
5.28
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
456.56
530.52
5.28

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының алып портреті шеге мен жіптен жасалды

Бүгін, 11:51
Астанада Ахмет Байтұрсынұлының алып портреті шеге мен жіптен жасалды
Видео кадры

Астанадағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейдің мұғалімдері ағартушының портретін шамамен 5 мың шеге мен 600 метр жіптен жасап шықты. Туынды Ахмет Байтұрсынұлының 154 жылдығына орай дайындалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Портрет қалай жасалды?

Инсталляция string art техникасымен жасалған. Алдымен Байтұрсынұлының бейнесі проектор арқылы ағаш негізге түсіріліп, сұлбасы белгіленген.

Одан кейін ұстаздар шамамен 5 мың шеге қағып, олардың арасына жіп тарта бастаған. Осылайша жіптерді бір-бірімен қиыстыра отырып, портреттің бейнесі біртіндеп қалыптасқан.

Жұмысқа екі апта кеткен

Жобаны жасауға 14 күн уақыт жұмсалған. Нәтижесінде көлемі 3 те 2 метр болатын үлкен инсталляция дайын болды.

Авторлардың айтуынша, олардың мақсаты тек ерекше портрет жасау емес, оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлының тұлғасы мен мұрасын заманауи өнер арқылы жаңаша таныстыру болған.

Портрет мектеп музейіне тапсырылды

Дайын туынды мектеп музейіне сыйға берілді. Енді ол мектеп кеңістігінің бір бөлігіне айналып, оқушылар мен қонақтарға Ахмет Байтұрсынұлы туралы заманауи өнер тілімен таныстыруға қызмет етеді.