×
$
456.89
531.36
5.32
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
456.89
531.36
5.32

Хиджаб дауына байланысты жазба жариялаған мұғалім жұмыстан шықты

Бүгін, 18:00
Хиджаб дауына байланысты жазба жариялаған мұғалім жұмыстан шықты
Ulysmedia коллажы

Қазақстан экономикасының құлдырауын тілеп, Алладан елді «күйретуді» сұраған мұғалім Жарқын Әбдікәрімов жұмыстан шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Педагог не үшін сынға қалды

Жанжал Оқу-ағарту министрлігі мектеп формасына қойылатын талаптарды бұзған жекеменшік мектептердің лицензиясынан айырылуы мүмкін екенін мәлімдегеннен кейін басталды. Оның ішінде оқушы қыздарға хиджаб киюге рұқсат беру де айтылған.

Осыдан кейін Әбдікәрімов Threads желісінде жазба жариялады. 

– Қазақтарға, Қазақстанға Алланың мықты бір азабы керек болып тұр. Күшті бір экономикалық зардап шегетін, экономикасы құлдырап кететін. Иә, Алла күйретші. Әмин, – деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Әлеуметтік желі қолданушылары құқық қорғау органдарының іске араласуын талап ете бастады. Көп ұзамай даулы жазбаның авторы Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернатта информатика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейтіні анықталды.

Журналистер педагогпен сөйлесу үшін мектепке барды. Әбдікәрімов жазбаны ашумен жазғанын, эмоцияға беріліп кеткенін айтты. Ол қазақстандықтардан кешірім сұрап, елін жақсы көретінін және өзін патриот санайтынын атап өтті.

Мұғалімнің айтуынша, оның мектепте оқитын қызы бар және ол хиджаб кимейді. Кейін ер адам даулы жазбасын өшіріп тастаған.

Енді ол мектепте жұмыс істемейді

Жанжалдан кейін Ulysmedia.kz редакциясы Қарағанды облысының білім басқармасына сауал жолдады.

— 2026 жылғы 10 қыркүйектен бастап педагогпен еңбек шарты тоқтатылды. Әбдікәрімов Жарқын Рахымұлы өз еркімен жұмыстан шықты, — деп хабарлады ведомство.

Бұған дейін Қарағанды облысының полиция департаменті аталған жазбаға қатысты тексеру жүргізілгенін хабарлаған.