×
$
450.79
524.13
5.31
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
450.79
524.13
5.31

Қазақстанның солтүстігіне үсік келе жатыр

Бүгін, 09:01
Қазақстанның солтүстігіне үсік келе жатыр
Pixabay.com

Синоптиктер Қазақстандағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Толығырақ

11 қыркүйек, жұма күні Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлерінде күн суытады. Ал оңтүстікте жылы ауа райы сақталады.

Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейеді. Бұған солтүстік-батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді.

Солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде ауа температурасы +13…+23 °С-қа дейін төмендейді. Орталық облыстарда +15…+25 °С болады.

Батыс өңірлерде циклон өткеннен кейін жауын-шашын біртіндеп басылып, ауа температурасы +20…+28 °С-қа дейін көтеріледі. Ал оңтүстік-шығыста жылы ауа райы сақталады.