Қазақстанға Әзербайжан делегациясының ресми сапары аясында ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов пен Әзербайжан Ішкі істер министрі Вилаят Эйвазов броньды дөңгелекті машиналар шығаратын Kazakhstan Paramount Engineering зауытына барды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Министрлерге Barys Dynamics тобына кіретін кәсіпорынның өндірістік қуаты мен броньды техниканы жасаудың толық циклі таныстырылды. Оған металды өңдеу, броньды капсулаларды дайындау, көліктерді құрастыру, жүйелерді біріктіру және дайын техниканы сынақтан өткізу кіреді.
Зауыт туралы
Қазір зауыт KPE Arlan, Alan-2, Barys 6×6 және 8×8, сондай-ақ Terrex-Barys-A 8×8 броньды машиналарын шығарады. Кәсіпорын жылына 500-ге дейін техника өндіре алады.
Кездесу барысында броньды машиналардың қауіпсіздігіне де назар аударылды. Кәсіпорын өнімі баллистикалық және минадан қорғану деңгейі бойынша сертификаттық сынақтардан өткен. Техника әскери операциялар кезінде және Голан биіктеріндегі БҰҰ бітімгерлік миссиясында тиімділігін көрсеткен.

Кездесуде тараптар қорғаныс-өнеркәсіптік кешенді дамыту, өндірісті жергіліктендіру, заманауи технологияларды енгізу және Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.