×
$
451.05
€
504.95
₽
5.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
451.05
€
504.95
₽
5.6

Елена Рыбакина маусымның жаңа рекордын орнатты

Бүгін, 09:37
Елена Рыбакина маусымның жаңа рекордын орнатты
Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2026 жылғы маусымда жеңіске жеткен матчтар саны бойынша әйелдер теннисіндегі көшбасшы атанды. Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 турнирінде топ жарған әлемнің бірінші ракеткасы жеңістер санын 53-ке жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жайы

Рыбакина шешуші жеңіске 25 қазанда Нинбода өткен турнирдің финалында жетті. Қазақстандық теннисші канадалық Лейла Фернандесті 6:2, 6:2 есебімен жеңіп, кезекті чемпиондық атағын иеленді.

Осы нәтижеден кейін қазақстандық спортшы бір маусымда жеңіске жеткен матчтар саны бойынша әйелдер теннисінде жеке-дара көш бастады. Оның ең жақын қарсыластары – ресейлік Мирра Андреева мен америкалық Джессика Пегула. Екеуінің де еншісінде 50 жеңістен бар.

Рыбакина биылғы маусымда жеңген матчтар саны бойынша ғана емес, чемпиондық атақтар саны жағынан да көш бастап тұр. Нинбодағы жеңіс оның 2026 жылғы төртінші титулы болды. WTA турында әзірше басқа ешбір теннисші мұндай нәтижеге қол жеткізген жоқ.

Бұған дейін Рыбакина Аустралия ашық чемпионатында, Германияның Штутгарт қаласындағы турнирде және US Open жарысында топ жарған. Нинбодағы жеңісін қоса есептегенде, қазақстандық теннисшінің кәсіби мансабындағы WTA турнирлерінде жеңіп алған титулдарының жалпы саны 15-ке жетті.

Қытайдағы жарыстан кейін Рыбакина Жапонияға аттанды. Ол маусымды Токиода өтетін WTA 500 турнирінде жалғастырады. Алдағы жеңістері қазақстандық спортшыға ең жақын қарсыластарынан алшақтап, теннис маусымы аяқталар тұстағы орнын нығайтуға мүмкіндік береді.

Фернандесті жеңуі Рыбакинаның хард төсенішіндегі сәтті ойындарының тағы бір дәлелі болды. 2026 жылы ол төрт титулының үшеуін осы төсеніште жеңіп алды. Олардың қатарында «Үлкен дулыға» санатындағы екі турнирдің жеңісі де бар.