×
$
447.88
516.58
5.29
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
447.88
516.58
5.29

Найзағай, тұман және екпіні күшті жел: 16 қыркүйекте ауа райы қандай болады

Бүгін, 08:15
Найзағай, тұман және екпіні күшті жел: 16 қыркүйекте ауа райы қандай болады
Pixabay.com

16 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болады. Бірнеше өңірде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей жерлерде жел күшейеді. Елдің батысында тұман түсуі мүмкін. Сонымен қатар көптеген облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қай өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды?

Атырау облысының батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Атырау қаласында да жауын-шашын.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі, оңтүстігі және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Орал қаласында да жаңбыр мен найзағай болжанып отыр.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде жауын-шашын түседі. Петропавлда түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.

Павлодар облысында түнде солтүстікте, күндіз солтүстік, шығыс және орталық бөліктерде жаңбыр жауады. Павлодар қаласында күндіз жауын-шашын болып, найзағай ойнайды.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, ал Абай облысының батысы мен солтүстігінде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Алматы облысының тау бөктері мен таулы аймақтарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Алматы қаласының тауларында да осындай ауа райы күтіледі.

Қай өңірлерде жел күшейеді?

Ақтөбе облысының батысы, солтүстігі және орталығында күндіз оңтүстік және оңтүстік-шығыс желінің екпіні секундына 15-18 метрге дейін жетеді. Ақтөбе қаласында желдің жылдамдығы 15 м/с-қа дейін күшейеді.

Алматы облысының шығысы мен таулы аймақтарында күндіз жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай облысында желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Түркістан облысының батысы мен таулы аудандарында да желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Шымкент пен Түркістан қалаларында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Жетісу облысындағы Алакөл көлдері маңында жел ерекше қатты болады деп болжанып отыр. Оның жылдамдығы секундына 15-20 метрге, кей уақытта 23-28 метрге дейін жетеді.

Шаңды дауыл мен тұман

16 қыркүйекте Түркістан облысының батысында шаңды дауыл күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында түнде және таңертең тұман түседі.