×
$
444.88
513.26
5.28
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
444.88
513.26
5.28

Қазақстанда қыркүйекте қар жауып, дауылды жел соғады

Бүгін, 08:20
Қазақстанда қыркүйекте қар жауып, дауылды жел соғады
Pixabay.com

17 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болады. Бірнеше өңірде жаңбыр, найзағай, екпінді жел мен тұман болжанып отыр. Елдің шығысында жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін, ал Қарағанды облысында үсік жүреді. Сонымен қатар көп өңірде өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде сақталады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жаңбыр мен найзағай

Атырау облысының батысы, оңтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Шығыста желдің екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Атырау қаласында түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында да жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Бұл өңірлерде кей жерлерде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ақтауда түнде және таңертең тұман болуы ықтимал.

Шығыста жаңбыр мен қар аралас жаңбыр жауады

Абай облысының солтүстігі мен орталығында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таулы аудандарда түнде жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін. Кей жерлерде тұман түсіп, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Қарағанды облысында үсік жүреді

Қарағанды облысының батысы, солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Өңірдің солтүстігі мен шығысында топырақ бетінде ауа температурасы -2 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Оңтүстікте шаңды дауыл соғады

Түркістан облысының батысында шаңды дауыл болжанады. Өңірде, сондай-ақ Шымкент пен Түркістанда желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысының батысы мен орталығында күндіз екпіні күшті жел соғады. Қызылорда қаласында да желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Екпіні күшті жел Алакөл маңында соғады

Жетісу облысында, әсіресе Алакөл көлдері аумағында екпінді жел болжанады. Желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін жетеді.

Облыстың басым бөлігінде, оның ішінде Талдықорған қаласында да өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде сақталады.

Алматы мен облысында ше?

Алматы облысының шығысы мен таулы аудандарында күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Іле Алатауында желдің екпіні 15 м/с-қа жетеді.

Алматыда өрт қаупі жоғары деңгейде, ал Қонаевта төтенше деңгейде сақталады.

Тағы бірнеше өңірде екпінді жел соғады

Ақтөбе облысында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ақтөбеде күндіз жел 15-18 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Көкшетауда желдің екпіні 15 м/с-қа жетеді.

Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Павлодар облысының батысы, солтүстігі мен орталығында тұман.

Өрт қаупі жоғары

Алматы, Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда, Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай, Ұлытау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау және Жетісу облыстарында өрт қаупі жоғары немесе төтенше деңгейде сақталады.

Астанада да өрт қаупі жоғары деңгейде.