×
$
444.88
513.26
5.28
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
444.88
513.26
5.28

Қазгидромет қазан айына болжам жасады: қай өңірде күн жылы болады

Бүгін, 18:50
Қазгидромет қазан айына болжам жасады: қай өңірде күн жылы болады
Pixabay.com

Қазан айында Қазақстанда ауа райы әдеттегіден жылы болады деп болжанып отыр. Еліміздің басым бөлігінде айлық орташа температура климаттық нормадан 1–2 градусқа жоғары болады. Жауын-шашын мөлшері өңірлерге қарай әркелкі түседі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қай өңірлерде күн жылы болады

Қазгидрометтің консультативтік болжамына сәйкес, еліміздің басым бөлігінде қазан айындағы орташа температура +3-тен +10 градусқа дейін болады. Ал оңтүстік өңірлерде ауа температурасы +11…+16 градус аралығында күтіледі.

Қазақстанның барлық дерлік өңірінде ауа райы климаттық нормадан жылы болады. Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында және Павлодар облысының солтүстік-шығыс бөлігінде ғана температура қазан айына тән қалыпты деңгейде сақталады.

Батыста жаңбыр көп, оңтүстікте жауын-шашын аз болады

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері климаттық норма шамасында болады.

Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, Атырау мен Маңғыстау облыстарының батысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде және Қостанай облысының солтүстік-батысында жауын-шашын әдеттегіден көбірек түседі деп болжанып отыр.

Ал Жамбыл, Жетісу, Ұлытау, Абай және Алматы облыстарында, Қызылорда облысының оңтүстік-шығысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде және Түркістан облысының солтүстігінде жауын-шашын мөлшері аз болады.

Айта кетейік, бұл – қазан айына арналған алдын ала болжам.