×
$
445.65
508.71
5.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
445.65
508.71
5.3

"Прокурордың ұлы болған": Полиция Алматыдағы жол апатына қатысты түсінік берді

Бүгін, 18:50
"Прокурордың ұлы болған": Полиция Алматыдағы жол апатына қатысты түсінік берді
Pixabay.com

Алматы полициясы Шығыс айналма автомобиль жолында болған жол апатына қатысты түсінік берді. Оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде апатқа Жетісу облысы прокурорының орынбасары Ілияс Бескемпіровтің ұлының қатысы болуы мүмкін деген ақпарат тараған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Апат туралы не белгілі

Жол апаты 11 қыркүйекте Шығыс айналма автомобиль жолында болған. Куәгерлер мен әлеуметтік желі қолданушыларының хабарлауынша, бірнеше көлік соқтығысқан. Апат салдарынан үш адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде жол апатына қатысушылардың бірі Жетісу облысы прокурорының орынбасары Ілияс Бескемпіровтің ұлы болуы мүмкін деген ақпарат тарады.

Сондай-ақ жазбаларда зардап шеккендер жол апатына қатысты құжаттарды алуда кідірістерге тап болғаны, ал болжамды қатысушының өкілдері мәселені медиация арқылы реттеуді ұсынғаны айтылған.

Бұл мәліметтер әзірше ресми түрде расталған жоқ.

Полиция не деді

Ulysmedia.kz редакциясы Алматы полиция департаментіне хабарласып, түсінік сұрады. Ведомство жол апаты болғанын растады және қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.

– 11 қыркүйекте болған жол-көлік оқиғасы тіркелді. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр. Оның барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Тексеру нәтижесінде жол апатына қатысушылардың әрекетіне құқықтық баға беріледі, – деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция кінәлілер анықталған жағдайда олардың мәртебесі ескерілмейтінін де атап өтті.

– Кінәлі деп танылған барлық тұлға мәртебесіне, лауазымдық және әлеуметтік жағдайына қарамастан, заңда көзделген жауапкершілікке тартылады, – деді ведомство.