×
$
445.65
508.71
5.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
445.65
508.71
5.3

Доллар бір күнде 4 теңгеге жуық арзандады

Бүгін, 18:10
Доллар бір күнде 4 теңгеге жуық арзандады
Ulysmedia коллажы

Қазақстанда 24 қыркүйекте доллар бағамы күрт төмендеді. Биржадағы АҚШ валютасының орташа бағамы 3,63 теңгеге түсіп, 441,86 теңге болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Еуро да арзандады. Оның орташа бағамы 5,94 теңгеге төмендеп, 502,86 теңге болды. Рубль 0,08 теңгеге арзандап, 5,20 теңгеден саудаланды. Юань бағамы 65,82 теңгеге дейін түсті.

Доллар бойынша сауда-саттық көлемі 635,2 млн доллар болды. Саудаға 33 банк қатысты.

Айырбастау пункттерінде

Алматыда айырбастау пункттері долларды 442-443 теңгеден сатып алып, 443,5-444 теңгеден сатып жатыр. Еуро 500-502,5 теңгеден сатып алынып, 505–508 теңгеден сатылып жатыр. Рубль 5 теңгеден сатып алынып, 5,05-5,11 теңгеден сатылуда.

Астанада бағамдар бұдан да төмен. Доллар 439 теңгеден сатып алынып, 446 теңгеден сатылып жатыр. Еуро 497–499 теңгеден сатып алынып, 507–509 теңгеден сатылып жатыр. Рубль 4,9 теңгеден сатып алынып, 5,1 теңгеден сатылуда.