×
$
441.89
€
502.56
₽
5.19
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
441.89
€
502.56
₽
5.19

25 қыркүйекте елдің қай өңірлерінде күн суытады

Бүгін, 10:43
25 қыркүйекте елдің қай өңірлерінде күн суытады
Pixabay.com

25 қыркүйекте Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы күрт өзгереді. Синоптиктер жаңбыр, найзағай, тұман, екпіні күшті жел, тіпті үсік болатынын ескертті. Елдің оңтүстігінде кей жерлерде шаңды дауыл соғуы мүмкін. Көптеген облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жаңбыр мен найзағай

Күндіз Атырау облысының батысында кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сондай-ақ Ұлытау, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Маңғыстау, Жамбыл, Алматы және Түркістан облыстарының жекелеген аудандарында жауын-шашын болжанады.

Қарағандыда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.

Жел 20 м/с-қа дейін күшейеді

Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Астанада таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында желдің екпіні 15-18 м/с болады.

Тұман түсіп, үсік жүреді

Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында түнде және таңертең тұман түседі.

Өскемен мен Петропавлда да тұман болжанады.

Қостанай облысының солтүстігінде түнде топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

Оңтүстікте шаңды дауыл соғады

Түркістан облысының солтүстігінде күндіз шаңды дауыл соғады.

Қызылорда облысының солтүстігі, шығысы және орталығында да шаңды дауыл болжанып отыр. Қызылорда қаласында шаң көтеріліп, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Өрт қаупі жоғары 

Жетісу, Ақмола, Атырау, Абай, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Қарағанды, Ақтөбе, Маңғыстау, Жамбыл, Алматы, Түркістан және Қызылорда облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Астана, Павлодар және бірқатар басқа өңірлерде жоғары өрт қаупі жалғасады.

Сонымен қатар Павлодарда 25 қыркүйек кешіне дейін ауа ластануының артуы мүмкін екені туралы ескерту қолданылады.