Синоптиктер Қазақстандағы ауа райына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
30 қыркүйек, сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық қысымы жоғары аймақтың ықпалы сақталады. Осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады.
Түнгі және таңғы уақытта тұман түседі. Елдің солтүстік бөлігінде ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді.
Қазақстанның солтүстігінде күндіз ауа температурасы +15…+23 °C, ал Солтүстік Қазақстан облысында +15…+20 °C шамасында болады.
Елдің шығысы мен орталығында күндіз ауа температурасы +15…+23 °C аралығында болады.
Батыс өңірлерде күндіз ауа +20…+25 °C-қа дейін жылынады.
Оңтүстікте ауа температурасы +20…+25 °C шамасында болады.
Оңтүстік-шығыс өңірлерде күндіз +18…+23 °C, ал таулы аймақтарда айтарлықтай салқындап, +8…+13 °C болады.