×
$
453.65
€
509.99
₽
5.31
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
453.65
€
509.99
₽
5.31

Қыркүйекте 93 адам жемқорлық бойынша күдікке ілінді

Бүгін, 12:55
Қыркүйекте 93 адам жемқорлық бойынша күдікке ілінді
Ulysmedia коллажы

ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі 2026 жылғы қыркүйекте 106 сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықты тіркеген. Аяқталған істер бойынша келтірілген залал көлемі 3,7 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Қылмыстық істер бойынша 93 адам күдікті деп танылды. Істердің басым бөлігі пара алу, ұрлық, алаяқтық, сондай-ақ лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану және асыра пайдалану фактілеріне қатысты.

Бір ай ішінде тергеушілер 81 қылмыстық істі тергеуді аяқтаған. Оның 78-і сотқа жолданды.

Контекст

Бұған дейін Қызылорда облысы Қазалы аудандық сотының төрағасы Дәурен Әбдіқалықов пен осы соттың судьясы Серік Бертаев тоғыз жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Екеуі де ірі көлемде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. ҰҚК қызметкерлері оларды 2026 жылғы қаңтарда ұстаған.