Синоптиктер Қазақстандағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
9 қазан, жұма күні атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауады. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен қар аралас жаңбыр түрінде жауын-шашын түсуі мүмкін. Ал шығыста көктайғақ болады.
Антициклонның әсерінен республиканың батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз. Ел аумағында жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.
Өңірлер бойынша ауа температурасы:
Солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта түнгі ауа температурасы +3…+13°C-тан -1…-6°C-қа дейін төмендейді. Күндіз +10…+17°C болады.
Шығыста түнде 0…+8°C, күндіз ауа температурасы +10…+15°C-тан +2…+7°C-қа дейін төмендейді.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде +3…+10°C, таулы аудандарда -2°C-қа дейін үсік жүреді. Күндіз +17…+25°C, таулы аймақтарда +12…+17°C болады.