×
$
451.31
€
504.56
₽
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
451.31
€
504.56
₽
5.36

Қазақстанда тағы сайлау өтеді: ОСК күнін белгіледі

Бүгін, 17:40
Қазақстанда тағы сайлау өтеді: ОСК күнін белгіледі
Informburo

Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтетін күн белгілі болды. Дауыс беру 2026 жылғы 29 қарашаға белгіленді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман мәлімдеді. Оның айтуынша, ОСК тиісті қаулыны дайындаған.

Қазақстандықтар жергілікті өкілді органдардың депутаттарын қайта сайлауы керек. Мәслихаттардың қазіргі құрамы 2023 жылы бес жыл мерзімге сайланған. Сондықтан кезекті сайлау кейінірек өтуге тиіс еді.

Депутаттар неліктен мерзімінен бұрын сайлауға жіберілді?

12 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Бұған дейін президент Конституцияда көзделген консультацияларды премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебаймен өткізген.

Бұған Қазақстанның партиялық жүйесіндегі өзгерістер себеп болған. Мәслихат депутаттарының басым бөлігі маусым айында «Әділет» партиясына қосылып, дербес қызметін тоқтатқан Amanat партиясынан сайланған.

24 қыркүйекте Тоқаев партиялардың бірігуінен кейін депутаттық корпустың едәуір бөлігінің легитимдігіне қатысты мәселе туындайтынын айтқан еді.

Өкілеті тоқтатылғанға дейін депутаттар 2023 жылы сайланған құрамда жұмыс істеді. Мандаттардың жартысы партиялық тізімдер бойынша, ал қалған жартысы бірмандатты округтер арқылы бөлінген.

Партиялық жүйедегі өзгерістерден бөлек, өңірлерде депутаттардың бос орындары да көбейген. Халық қалаулыларының бір бөлігі Құрылтайға жұмысқа ауысқан.

Осыған байланысты билік бос қалған орындарға қосымша сайлау өткізумен шектелмей, барлық деңгейдегі мәслихаттардың толық құрамын қайта сайлау туралы шешім қабылдаған.

Бұған дейін Тоқаев мәслихаттарды жаңартуды мемлекеттік басқару жүйесін қайта құру үдерісінің қорытынды кезеңі деп атаған еді.