Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев балаларға жыныстық зорлық көрсеткені үшін жазаны қатаңдататын заңға қол қойды. Енді 14 жасқа толмаған балаларға қатысты мұндай қылмыс жасағандарға 25 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жай
Заңға қол қойылғанын президент әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиеева хабарлады.
– Балаға қатысты зорлық-зомбылыққа жол берілмейді, ал жаза қатаң болуы керек. Балаға зиян келтірген әрбір адам жауапқа тартылады. Олардың қатарында білім беру мекемелерінің қызметкерлерінен бастап туыстарына дейін бар. Баланың өліміне әкеп соққан қылмыс үшін жазаны жеңілдетуге ешқандай негіз болмайды, – деп жазды ол.
Контекст
Еске салайық, қыркүйек айында Өзбекстанда үлкен жанжал болған еді. Наманган облысындағы мемлекеттік балабақшаның 52 жастағы шаруашылық меңгерушісі бес жасар қызға жыныстық зорлық көрсетті деген күдікпен қамауға алынды.
Оқиға қоғамда кеңінен талқыланғаннан кейін Саида Мирзиеева болған мұны жантүршігерлік қылмыс деп атап, осындай әрекеттер үшін өлім жазасын енгізу мәселесін көтерді. Осыдан кейін бүкіл ел бойынша балабақша қызметкерлеріне тексеру жүргізіле бастады.