×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Орталық Азиядан шыққандар Ресейде теракт жасауды жоспарлаған – ФСБ

17.02.2023, 13:45
Фото: Ашық дереккөзден

Ресейдің федералды қауіпсіздік қызметі Орталық Азия елдерінің бірінің екі тумасы Ресейдің Калуга облысында лаңкестік әрекет жасамақ болғаны жөнінде ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ресейдің федералды қауіпсіздік қызметі (ФСБ) шабуылдаушылар «Ислам мемлекетіне» (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) ант беріп, қылмыс жасалған соң Сирияға келуді жоспарлағанын хабарлады.

Ресей билігінің мәліметінше, ИМ жақтастары химия өнеркәсібі кәсіпорнындағы жанар-жағармай құйылған цистерналарды жарып жібермек болған.

«Ұстау кезінде сотталушылар қарулы қарсылық көрсетіп, жауап қайтару арқылы өмірге сәйкес келмейтін жарақаттар алды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары