Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кандидаттарды партиялық тізімдер бойынша тіркеуді аяқтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында жеребе тартылды, әр партияның өкілі бюллетеньдегі реттік нөмірін таңдады.
Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлаудағы бюллетеньге партиялар мына тәртіппен енгізіледі:
1. Amanat партиясы;
2. "Ауыл" партиясы;
3. Respublica партиясы;
4. Қазақстан Халық партиясы;
5. "Байтақ" партиясы;
6. "Ақ жол" партиясы;
7. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия.
Айта кетейік, Мәжіліс депутаттығына Қазақстанда ресми тіркелген 7 партия кандидаттарын ұсынды.
69 депутаттық мандаттан 281 адам үмітті. Олардың орташа жасы - 45,7 жас.
Үміткерлердің ең үлкені 1942 жылы, ең кішісі 1997 жылы туған. Партия тізімінде 201 ер, 80 әйел бар.
Бір мандатты округтер бойынша кандидаттарды тіркеу 18 ақпанда сағат 18:00-ге дейін жалғасады.