×
$
453.87
€
508.33
₽
5.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
453.87
€
508.33
₽
5.65

Ташкентте қарағандылық 16 жас футболшы ауырып қалды

Бүгін, 11:25
Ташкентте қарағандылық 16 жас футболшы ауырып қалды
Instagram / Denis Denski

Ташкентте балалар арасындағы футбол турниріне қатысқан қазақстандықтар жаппай ауырып, 28 адам ауруханаға түсті. Олардың арасында 16 бала, бір жаттықтырушы және 11 ата-ана бар. Бұл ақпаратты Қарағанды облысының спорт басқармасы растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиғаның мән-жайы

Оқиға туралы қарағандылық блогер Денис Денскиге балалардың ата-аналары хабарлаған. Команда Өзбекстанға жарысқа қатысу үшін барған. 31 қазан күні таңертең балалар мен оларды алып жүрген ересектердің іші ауырып, дене қызуы көтерілген.

– Ата-аналардың айтуынша, таңғы ас кезінде жұмыртқа жемеген сегіз бала ауырмаған, – деп жазды Денис Денски.

Ташкенттегі дәрігер алдын ала диагноз ретінде тамақтан улануды атаған. Блогер оқиға орнына Қазақстан консулының да келгенін хабарлады.

Спорт басқармасының түсініктемесі

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы 28 адамның ауруханаға түскенін растады. Қазір олардың барлығы Ташкент қаласындағы №5 қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдап жатыр.

– 2026 жылғы 28 қазан мен 2 қараша аралығында Ташкентте Dostik Cup халықаралық футбол турнирі өтті. Қарағанды облысының атынан үш жас санаты бойынша (2019, 2018 және 2014 жылы туғандар) Jas Batir, Nomad Akademiya, Skaut жекеменшік футбол мектептерінің командалары қатысты. Командалардың сапары жеке қаражат есебінен ұйымдастырылды, – деп хабарлады ведомство.

Жарысқа Өзбекстан мен Қырғызстан командалары да қатысқан.

Әзірше балалар мен ересектердің неден ауырғаны ресми түрде анықталған жоқ. Ата-аналар медициналық тексеру нәтижелерін күтіп отыр.