Қорғаушы Мұрат Адам ҚР ІІМ ҚАЖК 155/14 түзеу мекемесінде тұтқындарды азаптайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Адвокаттың айтуынша, қаңтар айының соңында 2001 жылы туған сотталушы Денис Воронцов аталған түрмеде физикалық азап пен медициналық көмек көрсетудегі әрекетсіздіктен кейін қайтыс болған. ҚР ІІМ ҚАЖД ЛА-155/14 әкімшілігіне қатысты қызмет бойынша әрекетсіздік фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Істі Алматы облысының мамандандырылған прокуратурасы тергеп жатыр.
Алайда Мұрат Адамның сөзінше, түрмеде сотталғандарды азаптау әоі тоқтамаған.
"Физикалық азаптау қаупімен қорқытып, оларға Воронцовтың өліміне қатысты шынайы куәлік беруге тыйым салынады. Мен азаптауды, қайтыс болған адамды жедел эксгумациялауды объективті және жан-жақты тергеуді талап етемін! Ертең Алматы облысының прокуроры Берік Адамовқа келемін", – деді ол.
Воронцовтың туыстары президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады. Олардың айтуынша, Дениске ота жасалған. Бірақ колония қызметкерлері соққан кезде кезде тігістері жыртылып, оған медициналық көмек көрсетілмеген. Осыдан кейін денесінің көп бөлігін күйік шалып, ауруханада қайтыс болған.
ІІМ ҚАЖК Воронцов “режимді бірнеше рет бұзды, тыйым салынған заттарды сақтады, осыған байланысты ол ұстаудың қатаң шарттары отрядына ауыстырылды” деп мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, мекеме әкімшілігіне қысым жасау мақсатында ол “өзін жарақаттап, қайнаған су құйып, салдарынан қайтыс болған”.
Айта кетейік, жуырда Талдықорғанда қаңтар оқиғасы кезінде 23 жәбірленушіні азаптады деген айыппен 5 экс-полицейге қатысты үкім шықты.