×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Ресей Қазақстанда өз университеттерінің филиалдарын көбейтпекші

21.02.2023, 14:44
фото: ашық дереккөзден

Ресей Федерациясының ғылым және жоғары білім министрлігі Өзбекстан, Қазақстан, Египет, Сауд Арабиясы, Мьянма және Кубадағы ресейлік ЖОО филиалдарының желісін кеңейтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, Ресей Федерациясының ғылым және жоғары білім министрі Валерий Фальков жобаның шекарасын кеңейту мүмкіндіктерін, соның ішінде жоғары білім беруді жүзеге асырумен тікелей байланысты емес жаңа форматтарды қолдануды, мысалы, біліктілікті арттыру курстары немесе дайындық курстарын ашуды қарастыруда.

Министрліктің мониторинг деректері бойынша, ресейлік жоғары оқу орындарының филиалдарының көпшілігі (82%) ТМД елдерінде, атап айтқанда Өзбекстанда, Қазақстанда, Арменияда, Қырғызстанда, Тәжікстанда, Әзірбайжанда, Беларуссияда және Молдовада орналасқан. Сондай-ақ Моңғолияда екі филиал, Израиль, БАӘ, Гватемала, Словения, Финляндия және Жапонияда бір филиалдан бар.

Серіктес жаңалықтары