×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Тәжікстанда болған қуатты жер сілкінісі Алматыда сезілді

23.02.2023, 07:41
фото: ашық дереккөзден

23 ақпан күні Алматы уақытымен 6 сағат 37 минутта жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі мәлім етті.

«Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 696 км қашықтықта Тәжікстан аумағында тіркелген. Энергетикалық класы - 16.0. Магнитудасы - 7.0 MPV. Бағыты ошағынан 37.52° с.е. 73.48° ш.б. жатыр, тереңдігі - 20 км. Алматыда 2-3 балдық жер сілкінісі сезілді», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, кеше де Алматының оңтүстік-шығысында магнитудасы 5,3 және 4,5 балл болатын екі жер сілкінісі тіркелген.

Серіктес жаңалықтары