×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Алматы маңында бірден екі жер сілкінісі болды

22.02.2023, 19:53
Ашық дереккөз

22 ақпанда Алматының оңтүстік-шығысында магнитудасы 5,3 және 4,5 болатын екі жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қытайда да жерасты дүмпулері болған. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «СОМЭ» ЖШС-і хабарлады. Жер сілкінісі Алматы уақыты бойынша шамамен 16:25-те байқалды.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 439 шақырым және оңтүстік-шығысқа қарай 450 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. Олардың магнитудасы 4,7 және 5,3 болды.

6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында 7,7 және 7,6 балдық жер сілкінісі болды. Жүздеген жер сілкінісімен жалғасқан зілзала елдің 10 провинциясы мен көршілес мемлекеттерде сезілді, оның ішінде Сирия ең көп зардап шеккен. Соңғы мәліметтер бойынша, Түркияда табиғи апат салдарынан 40 мыңнан астам адам қаза тапты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 12 ақпандағы жағдай бойынша Сирияда 8500 адам қайтыс болды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Түркияға көмектесу үшін 1 миллион доллар бөлуді тапсырды. Бұған дейін Қазақстаннан Түркияға қосымша гуманитарлық жүк тиелген ұшақ ұшқан болатын.

14 ақпанда Қазақстан шекарасына жақын жерде жер сілкінісі болды.

Серіктес жаңалықтары