×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Мәжіліс сайлауы: Алматыда кандидаттардың алтауы – жұмыссыздар

23.02.2023, 15:23
Мәжіліс сайлауы: Алматыда кандидаттардың алтауы – жұмыссыздар
фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Айгүл Қалықова мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қалықованың сөзінше, Мәжілісі депутаттығына Алматы қаласынан барлығы 143 кандидат ұсынылған.

«ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына барлығы 104 кандидат тіркелді. 36 кандидатты тіркеуден бас тартылды. Негізгі себептер: тиісті құжаттарды ұсынбау сондай-ақ кандидаттарға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі. Ал бір кандидат Мемлекеттік кірістер департаментінен декларация бойынша өте алмады. 2 адам кандидатурасын кері қайтарып алу туралы өтініш берді», - дейді Айгүл Қалықова.

Тіркелген үміткерлердің 73-і ер, 31-і әйел адам.

«Сондай-ақ тіркелгендердің 17-сі бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, коммерциялық құрылымдардың қызметкерлерінің саны – 65 адам. 7 зейнеткер, 6 жұмыссыз және 2 адам қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қоғамдық қорлар – 4, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар-3»,- деп атап өтті Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Айгүл Қалықова.

Айта кетейік, елімізде Мәжіліс сайлауы 14 наурызда өтеді. Бұдан бұрын Мәжіліс және мәслихат депутаттығына үміткерлерге бюджеттен қанша қаржы бөлінетінін жазғанбыз.