×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

БҚО-да құтқарушылар мінген тікұшақ апатты жағдайда қонды

23.02.2023, 18:16
Ашық дереккөз

Оқыс оқиға сағат 16:05-те орын алды. "Қазавиақұтқару" АҚ-ға тиесілі МИ-8 тікұшағы "ҚазТрансОйл" АҚ-тың магистральды мұнай құбырлары желісін жоспарға сай көктен шолып, Атырауға кері оралғанда Орал әуежайынан 54 шақырым жерде бар екпінімен қонған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"ҚазТрансОйл" АҚ Қоғаммен байланыс және ішкі коммуникациялар департаментінің директоры Шыңғыс Ілиясовтың айтуынша, тікұшақ бортында "ҚазТрансОйл" АҚ-тың 1 қызметкері және "Қазавиақұтқару" экипажының 4 мүшесі болған.

 

"Алдын ала келіп түскен ақпараттар бойынша, зардап шеккендер жоқ. 2021 жылы 28 желтоқсанда қол қойылған ұзақ мерзімді шартқа сәйкес, "Қазавиақұтқару" АҚ "ҚазТрансОйл" АҚ-ға авиациялық қызметтер көрсетеді", - деп атап өтті Ілиясов.

Айта кетсек, алдында магистральды мұнай құбырын көктен шолу кезінде "Қазавиақұтқару" тікұшағы апатты жағдайда жерге қонғаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары