×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Тікұшақ апаты: Ми-8 әуе кемесін пайдаланатын барлық компаниялар тексеріледі

24.02.2023, 08:20
Тікұшақ апаты: Ми-8 әуе кемесін пайдаланатын барлық компаниялар тексеріледі
фото: ашық дереккөзден

Азаматтың авиация комитеті апатқа ұшыраған Ми-8 әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификаты 2022 жылы 3 мамырда берілгенін мәлімдеді. Тікұшақ 2021 жылы шығарылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду тікұшақ апатына байланысты шұғыл кеңес өткізді.

«Апатқа ұшыраған Ми-8 әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификаты 2022 жылы 3 мамырда берілді. Тікұшақ 2021 жылы 27 қаңтарда шығарылған. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Ми-8 типті әуе кемесін пайдаланатын әуе компаниялардың қызметіне жоспардан тыс инспекциялық тексерулер жүргізеді. Тексерулер нәтижелері бойынша жүйелі бұзушылықтар анықталған жағдайда ұшу қауіпсіздігінің барлық мәселелер шешілгенге дейін тиісті сертификаттар мен куәліктер тоқтатылады», - делінген жиын қорытындысы бойынша жарияланған хабарламада.

Еске салсақ, кеше «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы Батыс Қазақстан облысы аумағына апатты жағдайда қонды.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, апаттан 4 адам қаза тауып, 2 адам зардап шекті.