Darkhan Juzz лақап атымен танылған әнші Дархан Жүнісбеков қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
СІМ мәліметінше, музыкант Тайландта, Пхукет аралында апатқа ұшыраған.
"Азаматымыз жол-көлік оқиғасы салдарынан көз жұмды. Ол жалға алынған мопедпен апатқа ұшыраған. Елшілік марқұмның жақындарымен байланыста, оның денесін елге жіберуге қажетті құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүріп жатыр”, – делінген хабарламада
Darkhan Juzz 1991 жылы 9 тамызда Алматыда дүниеге келген. Ол инди-поп орындаушы, әндердің авторы және дыбыстық продюсер еді. Музыканттың жеке студиясы, продюсерлік орталығы болды.
Дархан Жүнісбеков көпшілікке Sheker, Uide, Keipker әндерімен танылды.