×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Ресейде коронавирус індетін жұқтырғандар 4 есе көбейіп кетті

24.02.2023, 18:23
Ашық дереккөз

Ресейде коронавирус жұқтырғандар күрт көбейді. Бір күнде 15 мыңға жуық адамнан инфекция анықталған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көрші елде мектептерде сабақ қайтадан қашықтан оқыту режиміне ауыстырылып, кей компаниялар да онлайн жұмыс істеп жатыр.

БАҚ-тың жазуынша, жалпы Ресейдің 34 өңірінде ауру күшейе түсті. Мамандар мутацияланған вирустар өкпенің қабынуына алып келетінін, сонымен қатар жұқтыру көрсеткіші өзге штамдарға қарағанда 60 пайызға жоғары екенін айтады.

"Шынымды айтсам, індеттен шаршадым. Маска тағып, сақтық шараларын қайтадан қолға алдым. Вакцина салып, біраз ауырмап едім, енді уайымдап жүрмін. Айналамдағы адамдардың бәрі ауырып жатыр."Ксения Вешкурцева, қала тұрғыны.

Айта кетейік, коронавирустың «кракен», «цербер» деп аталатын штамдары да Ресейге жетті. Ал бұл штамдарға қарсы вакцина әзірге шығарылмады. Инфекция дес бермесе, карантиндік шаралар қайтадан күшейтілуі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары