×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

400 қазақстандық жүк көлігі Польшада тұрып қалды

26.02.2023, 08:32
400 қазақстандық жүк көлігі Польшада тұрып қалды
Ашық дереккөз

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитетінен мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Комитет 21 ақпаннан бастап Польша Еуропалық Одақтан басқа барлық елдердің тасымалдаушылары үшін жүк көліктерінің өтуіне тыйым салғанын еске салды.

«Нәтижесінде ел аумағында 400-ге жуық қазақстандық көлік жиналды», - делінген хабарламада.

Министрлік Қазақстандық тасымалдаушылар қауымдастығымен бірлесе отырып, біздің көліктеріміздің өзекті тізімін жасағаны көрсетілген. Сонымен қатар, Польшаның ресми өкілдерімен келіссөздер жүргізілді.

Нәтижесінде өткен жұмада арнайы комиссияның отырысы өтті – олар қазақстандық көліктердің Литва аумағы арқылы өту мәселесін келіскен.

«Литва тарапына олардың аумағы арқылы кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін көліктердің тізімі берілді», - деп хабарлады комитет өкілдері.