×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Тікұшақ апаты: оқиға орнына тергеу жүргізу үшін арнайы комиссия барды

26.02.2023, 11:26
Тікұшақ апаты: оқиға орнына тергеу жүргізу үшін арнайы комиссия барды
Ашық дереккөз

Мамандар тергеу жүргізу үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы апатқа ұшыраған жерге барды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Батыс Қазақстан облысындағы бөлімшелері авиациялық оқиға орнында комиссия мүшелері үшін ТЖМ вахталық автобусы базасында жылжымалы жылыту пунктін ұйымдастырды.

Сурет: БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

"Мүдделі тұлғаларды оқиға орнына жеткізу үшін Батыс Қазақстан облысы ТЖД өтімділігі жоғары "Трэкол" автомобилі жұмылдырылды. Қираған тікұшақтың сынықтары мен бөліктерін сақтауға арналған қоймалар және ангарлар іздеу, оларды жүк автотехникасы мен крандарды тарта отырып жеткізді қамтамасыз ету мәселелері пысықталды". БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Оқиғаның мән-жайын тергеумен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді Тергеу департаментінің қызметкерлері мен ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері айналысып жатыр, сонымен бірге тікұшақты әзірлеген зауыт өкілдері жұмылдырылды.

Сурет: БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

23 ақпан күні Батыс Қазақстан облысында магистральды мұнай құбырын көктен шолу кезінде "Қазавиақұтқару" тікұшағы қатты екпінмен келіп қонды.

Ішкі істер министрлігі 23 ақпанда болған оқиға Көліктегі полиция департаментінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлігі, яғни абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әуе көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу бойынша тіркелгенін хабарлады.

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі апатта қаза болғандардың фотосуретін жариялады.

Сондай-ақ қайғылы оқиғаға байланысты Авиация әкімшілігі жоспардан тыс тексеру жүргізетінін мәлімдеді.