×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Жапония ресейлік дронға қажет бөлшектерді экспорттауға тыйым салады

26.02.2023, 12:26
Жапония ресейлік дронға қажет бөлшектерді экспорттауға тыйым салады
Ашық дереккөз

Жапония Ресейге қарсы санкция тізімін ұлғайтып, жаңа экспорттық шектеулер енгізеді. Бұл жөнінде "Үлкен жетілік" елдерінің онлайн-саммиті кезінде Жапония премьер-министрі Фумио Кисида мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Азаттықтың жазуынша, 120 ресейлік жеке және заңды тұлғаның активтері шектеледі. Жапония сонымен бірге бірқатар тауар түрлерін экспорттауға тыйым салады. Арасында дрон бөлшектері де бар. Бұған қоса, Ресейге жартылай өткізгіштер, мұнай өндірісіне қажет жабдықтар, 3D-принтер, сән-салтанат бұйымдарын жеткізуге шектеу қойылды. Жапония елге алтын, станок, арақ пен кейбір ағаш өнімдерін импорттауға тыйым салады.

Жапонияның санкция тізіміне шамамен 900 ресейлік және 450 ресейлік ұйым мен компания енгізілген.

Жаңа санкция Украинада соғысты жалғастырып жатқан Кремльдің әрекетіне жауап ретінде салынып отыр. Басқыншылыққа бір жыл толған шақта АҚШ, Ұлыбритания, Еуроодақ та ресейлік компаниялар мен Ресей азаматтарына жаңа санкция жариялаған еді.

Мәскеу мен Токио арасындағы қарым-қатынас Украинадағы соғыстан кейін ушығып кетті. Жапония Батыс елдерінің Ресейге қарсы санкцияларының көбіне қосылған. Мәскеу Жапонияны "достық пейілі жоқ" елдер қатарына қосып, Курил аралдарына қатысты бейбіт келіссөздерді тоқтатқан.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Курилдегі Итуруп, Кунашир, Шикотан және Хабомаи аралдары СССР бақылауына өткен. Жапония СССР оны өзіне заңсыз қосып алды деп санайды. Ресей оларды өзінің заңды аумағы деп есептейді.