×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Қазақстан шет елдерге жылына қанша автокөлік экспорттап жатыр

29.09.2021, 12:12
Қазақстан шет елдерге жылына қанша автокөлік экспорттап жатыр
Фото: Ашық дереккөзден

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, елде биыл 100 мыңға жуық көлік өндіру көзделген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz тілшісі.

«Былтыр Қазақстанда 75 мың көлік өндірілсе, биылғы жоспар – 100 мың көлік өндіру. Қуанарлық жағдай – былтыр 8 мыңға жуық көлік шет елдерге экспорттаса, биылғы жоспарымыз – екі есе ұлғайту. Біз 15 мың жаңа көлікті экспортқа шығарғымыз келеді. Ал алдағы жылда оны тағы екі есе ұлғайтып, 30 мыңға дейін жеткізу көзделген», - деді Марат Қарабаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, былтыр халық отандық нарықта 93 мың жаңа көлік сатып алса, оның 66 мыңын отандық өндірушілер шығарған.

Министрліктің өкілі сонымен қатар көлік құрау саласындағы өсімге тоқталды. Оған сенсек, елде ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі 2,6 есе, теміржол локомотивтері мен жылжымалы құрам 1,6 есе, автомобиль жасау өндірісі 34,5% және электротехникалық машина жасау саласы 28,8% артқан.