×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Төтенше жағдайлар министрлігінің лауазымды қызметкері тергеліп жатыр

27.02.2023, 15:49
Төтенше жағдайлар министрлігінің лауазымды қызметкері тергеліп жатыр
фото: ашық дереккөзден

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Ұлытау облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің лауазымды адамына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлытау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мәліметінше, іс Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігі («Пара алу») бойынша қозғалған.

Шенеунік өнеркәсіп саласындағы кәсіпкерлерден өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілерді білуге міндетті тестілеуден оң нәтиже алуға жәрдемдескені үшін 240 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді.

Жезқазған қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Аталған дерекке қатысты тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайтыны хабарланды.