×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Елде пәтердің 30% қымбаттайтыны рас па

29.09.2021, 12:24
Елде пәтердің 30% қымбаттайтыны рас па
Фото: Ашық дереккөзден

Бұл сұраққа ОКҚ алаңында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz тілшісі.

«Жыл басында алдыңғы жылмен салыстырғанда пәтер 13-15 пайыз шамасында қымбаттаған. Алайда бұл өсімге бірнеше фактор себеп болды. Біріншіден, пандемияға байланысты 2020 жылы болмаған сұраныс осы жылдың басында пайда болды. Екіншіден, пандемияға байланысты құрылыс материалдарының елге жеткізілуіне байланысты проблемалар туындады. Үшінші фактор – зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі. Осы факторлар пәтер құнын 13-15 пайызға өсірді», - деді Марат Қарабаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің айтуынша, қазір мұндай факторлар жоқ. Күтілмейді де.

«Меніңше, баспана 30% қымбаттайды деген болжамның негізі жоқ. Жалпы зауыттағы құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты осы болжам туындайтын болса, қазір олардың бағасы тұрақталды. Тіпті екінші жартыжылдықтан бастап олардың бағасы арзандап келеді», - деді ол.

Қазақстан қазіргі уақытта құрылыс материалдары жағынан өзін-өзі 60 пайызға қамтып отырған ел.

«Иә, Қазақстанда өндірілмейтін линолеум, тұсқағаздар, керамикалық тақталар әлі де шет елдерден әкелініп жатыр. Бірақ құрылыс материалдарының осы түрлері бойынша бізде жеке жобалар бар. Алдағы 2-3 жылда біз құрылыстың аталған материалдарының қажеттігін сол жобаларға арқылы жабамыз», - деді Марат Қарабаев.