×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Қазақстанның 4 өңірінде жол жабық

28.02.2023, 11:32
фото: ашық дереккөзден

4 өңірде ауа райының қолайсыздығына орай республикалық маңызы бар автожолдардың 11 учаскесінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“ҚазАвтоЖол” жабық тұрған жол учаскелерін атады:

Ақтөбе облысы: «Ақтөбе-РФ шекарасы» тасжолының Ш.Қалдаяқова ауылынан РФ шекарасына дейінгі аралығында (автокөліктің барлық түрлері үшін); «Ақтөбе-Мәртөк-РФ шекарасы» тасжолының ЭкоОйл - РФ шекарасы арасы (барлық көлік түрлері үшін); «Самара-Шымкент» тасжолының Батыс Қазақстан облысы шекарасы-Құршасай кенті арасы (барлық көлік түрлері үшін);

Қостанай облысы: «Қостанай-Әулиекөл-Сурған» тасжолының Әулиекөл ауылы - Октябрьское ауылы арасы (автокөліктің барлық түрлері үшін); «Қостанай-Әулиекөл-Сурған» тасжолы Октябрьское ауылы - Ақмола облысы шекарасы арасы (барлық автокөлік түрлері үшін); «Екатеринбург-Алматы» тасжолы Сарыкөл ауылы - СҚО шекарасы арасы (автокөліктің барлық түрлері үшін);

Солтүстік Қазақстан облысы (барлық көлік түрі үшін): «Екатеринбург-Алматы» тасжолы Қостанай облысы шекарасы - Тоқсан Би ауылы арасы; «Жезқазған-Петропавл» тасжолы Ақмола облысы шекарасы-Новоишимское ауылы арасы; «Волошинка-Сергеевка-Тимирязево» тас жолы Сергеевка ауылы-Тимирязево ауылы арасы;»Тимирязево-Сарыкөл-Қостанай облысы шекарасы«Тимирязево ауылы-Қостанай облысы шекарасы арасы;

Батыс Қазақстан облысы (жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін):»Самара-Шымкент«тасжолының Жымпиты-Ақтөбе облысы шекарасы арасы.

Серіктес жаңалықтары