×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

СҚО-да браконьерлер 50-ге жуық елікті жайратып салған

28.02.2023, 17:41
СҚО-да браконьерлер 50-ге жуық елікті жайратып салған

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер 50-ге жуық елікті жоюға қатысы бар күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыстық полиция ведомствосының басқа бөлімшелерімен бірлесіп, аса ірі мөлшерде заңсыз аң аулады деген күдікпен Петропавлдың 3 тұрғынын ұстады.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына Петропавл тұрғындарының бірінде тіркелмеген қарудың бар екендігі туралы ақпарат түскен. 27 ақпанда таңертең Челябинск-Новосибирск тас жолының 525-шақырымын тексеру кезінде полицейлер 28 жастағы азаматтың басқаруындағы ВАЗ-2115 автокөлігін тоқтатқан. Салонда Петропавл қаласының 29 және 30 жастағы тағы екі тұрғыны болған.

"Автокөліктің жүксалғышын қарау кезінде Сібір елігінің 4 ұшасы, сондай-ақ тіркелмеген 2 ТОЗ тегіс ұңғылы мылтығы, 2 патрон, гильза және басқа да аңшылық құрал-жабдықтар табылып, тәркіленді.

Бұдан әрі іс-шараларды өткізу кезінде Петропавлдағы саяжай қоғамдарының біріндегі үйден 2 ұша мен 41 елік терісі, 119 тұяқ, 12 бас жануар тәркіленді. Бұл факті ҚР ҚК 337-бабының 3-бөлігі ("Заңсыз аңшылық") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Тәркіленген қару мен жануарлардың қалдықтары сараптамаға жіберілді. Күдіктілер Петропавл қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді СҚО ПД ҰҚҚКБ бастығы Жандос Басыбаев.