×
479.39
457.43
8.21
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
479.39
457.43
8.21

Нұр-Сұлтанда өзін-өзі өртемек болған әйел ауруханаға жатқызылды

12.04.2022, 09:01
Видеодан кадр

Кеше астанада ҚР Ішкі істер министрлігі ғимаратының алдында наразы әйел өзін-өзі өртеп жіберді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

 

“11 сәуір күні сағат 16:38-де “102” пультіне ҚР ішкі істер министрлігі ғимаратының жанында бірнеше әйел өзін-өзі өртегелі жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен «Алматы» ауданы әкімдігінің өкілі келді. Наразылық білдірушілер Алматы қаласында болған қылмыстық іске қатысты шара қабылдаудан бас тартқан жағдайда өз-өздерін өртейміз деп мәлімдеді”, - делінген хабарламада.

Қалалық департаменттің мәліметінше, полиция қызметкерлері жиналғандарға жағдайды түсіндіруге тырысқан.

“Сол сәтте ұйымдастырушылардың бірі өзіне сұйықтық шаша бастаған. Өз кезегінде учаскелік полиция инспекторы әйел өзін өртеуге жол бермеу үшін жедел әрекет етті. Дегенмен өрт әйелді шарпып үлгерді. Зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жатқызылды. Сонымен қатар полиция қызметкері де қолын күйдірді”, - дейді баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кетейік, қаржы пирамидасынан 20 млн теңгесін қайтара алмаған әйел өзін-өзі өртеп жібергені туралы хабарлаған болатынбыз.

Алдын ала мәлімет бойынша әйел Mudarabah Capital қаржы пирамидасына ақшс салып алданып қалған. Ал аталған қаржы пирамидасың басшысы Руслан Бурханов былтыр қазан айында ұсталған еді.

Astex.kz ЖШС, ACD Technology ЖШС, MUDARABAH Capital ЖШС – Қазақстанның қаржы пирамидалары желісінің бөлігі. Компаниялар мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін инвестициялық қызмет түрімен азаматтармен шарттар жасасқан. Басшылар азаматтарға ай сайын салым сомасының 20% төлеуге уәде берген.

Жұрт бүгін де ақшасын ала алмай жүрген Mudarabah Capital компаниясын вайнерлер бір кездері жарнамалаған болатын. Олардың қатарында Мейіржан Төребаев, Азизжан Саидбаев пен Мейірхан Шерниязов болған.