Наурызда Қазақстанда инфляция 8,7%-дан 12%-ға дейін жеделдеп, 2016 жылғы қыркүйектен бері ең жоғары мәнге жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.
“Азық-түлік тауарлары инфляцияға ең көп үлес қосты, олардың өсуі 10,0%-дан 15,4%-ға дейін жеделдеді (бір айда инфляция 5,8%-ға өсті). Орамжапырақ, қант, картоп, қызанақ бағаларының айтарлықтай өсуі байқалды”, - деді Үкіметтің бүгінгі отырысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов.
Оның айтуынша, наурыздың төртінші аптасының (24 – 29 наурыз) қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жылдық көрсеткіш бойынша 18,6%-ға дейін өскен. Осы өсімге наурыздың екінші аптасында жекелеген азық-түлік тауарларына сұраныстың артуы айтарлықтай үлес қосқан. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының апталық өсуі наурыздың соңғы аптасында – 1,3%, сәуірдің бірінші аптасында – 0,9% болып, тұрақталып келеді.