Утилизацилық алым операторы "Жасыл Даму" АҚ басшысы Жанат Самат қызметінен кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Министрлік мәліметінше, Жанат Самат басқа қызметке ауысуына байланысты орнын босатқан. Ол бұл қызметке биыл 1 ақпанда тағайындалған болатын.
Айта кетері, "Жасыл даму"АҚ бұрын "Оператор РОП" ЖШС болған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы компанияны сынағаннан кейін үлесі мемлекетке қайтарылған болатын. Атауы да өзгерді.
Сондай-ақ утилизациялық алымды қысқартуға тапсырма берілген.
Үкіметтің шешімімен Қазақстанда утилизациялық алым екі есеге қысқартылды.