×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

СҚО шенеуніктері жер үшін соттасып жатыр

06.02.2023, 11:19
фото: ашық дереккөзден

СҚО әкімдігі сот арқылы мыңдаған гектар жерді мемлекеттік меншікке қайтармақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы LS агенттігіне өңір әкімдігі мәлім еткен.

Әкімдік мәліметінше, бүгінде жайылымдық жерлерді қайтару бойынша сотқа жалпы ауданы 18 мың гектар жер үшін 71 талап арыз берілген. Оның 14,2 мың гектары мемлекет меншігіне алынып үлгеріпті.

СҚО шенеуніктері 2022 жылы елді мекендерде жайылым жер көлемі 786,4 мың гектарды құрағанын атап өтті.

"Тұрғындардың жеке ауласында 333,4 мың бас мал бар, оларды жаю үшін 1,3 млн га қажет. 547,1 мың га жер тапшы болып тұр", – дейді әкімдіктегілер.

Серіктес жаңалықтары