×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Путиннің жолдауын құлағына кеспе іліп тыңдаған депутат жауапқа тартылып жатыр

03.03.2023, 18:27
Путиннің жолдауын құлағына кеспе іліп тыңдаған депутат жауапқа тартылып жатыр
Ашық дереккөз

Ресейде Владимир Путиннің федерация жиналысына жасаған жолдауын құлағына кеспе іліп отырып тыңдап, сонысын видеоға түсіріп жариялаған Самара облыстық думасының депутаты Михаил Абдалкиннің үстінен "армия беделіне нұқсан келтіру" бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Азаттыққа сілтеме жасап.

Іс Новокуйбышевск қаласының сотына жіберілген. Ол 7 наурызда қаралады.

2 наурызда Абдалкин "ВКонтакте" желісіндегі парақшасында іс "сол видео үшін қозғалды" деп хабарлаған еді.

"Күресеміз, кінәсіз екенімізді дәлелдейміз", – деп жазды ол.

Абдалкин істің қозғалуына түрткі болған видеоны әлеуметтік желіде өзі жариялаған, айтуынша, жолдауды коммунистік партияның облыстағы басшылары өтінген соң тыңдаған.

"Толық қолдаймын, толық келісемін, керемет жолдау. Кейінгі 23 жылда бұдан артық ештеңе тыңдаған емеспін. Таңғалып отырмын" деп жазды ол жазбада.

Орыс тілінде "вешать лапшу на уши" ("құлаққа кеспе ілу") тіркесі көлгірсіп бос сөйлеу, алдау деген мағына береді.

Бұған дейін Самара облыстық думасы Михаил Абдалкинге "жария түрде сөгіс" жариялаған. Депутаттар оны партиядан шығаруды ұсынып, құқық қорғау органдарынан оның әрекетіне құқықтық баға беруді сұраған. 1 наурызда Абдалкин полицияға шақырылған.