×
472.14
498.39
7.65
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.14
498.39
7.65

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

18.04.2022, 10:34
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 704,9 млрд теңгеден астам зейнетақы төленді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“1 наурыздағы жағдай бойынша қазақстандықтарға 704,9 млрд теңгеден астам зейнетақы төленді. 2022 жылдың наурыз айында зейнетақы төлемдеріне республикалық бюджеттен 234,8 миллиард теңгеден астам бөлінді, оның 71,4 миллиард теңгесі базалық зейнетақыға, 163,4 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыға төленді”, – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі

Ведомствода атап өткендей, 2022 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша зейнеткерлердің саны 2 млн 245,6 мыңнан астам адамды құрайды.

“Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін қоса алғанда) 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 105 344 теңгені құрады”, – делінген хабарламада.