Өткен жылы елімізде кесілген гүлдер мен бүршіктердің тауар айналымы 48,8 млн АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚР Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 9,7%-ға жоғары (44,4 млн. АҚШ доллары).
Қазақстан қандай гүлдерді экспорттайды?
Қазақстан гүлдерінің экспорты 2022 жылы 10,1%-ға өсіп, 2,7 млн. АҚШ доллары болған.
Қазақстан гүлдердің келесі түрлерін экспорттайды: раушан – 2,2 млн АҚШ доллары (үлесі 80,6%), гүл шоқтарын қалдыруға немесе сәндік мақсаттар үшін жарамды басқа да жаңа гүлдер мен бүршіктер – 220,2 мың доллар(8,2%), хризантема – 169,4 мың доллар (6,3%), қалампыр – 111,8 мың доллар (4,2%), лалагүлдер –10,4 мың доллар (0,4%), орхидеялар – 8,6 мың доллар (0,3%), басқа кесілген гүлдер мен бүршіктер – 760 доллар(0,03%), ранункулдар – 331,2 АҚШ доллары (0,01%), гладиоли – 1 110 АҚШ доллары(0,004%).
Елге гүлдердің қандай түрі импортталды?
Қазақстанға гүл импорты 2022 жылы 9,7% - ға өсті (46,1 млн. АҚШ доллары).
Еліміз гүлдердің келесі түрлерін импорттайды; раушан – 30 млн. АҚШ доллары (65,2% үлесімен), хризантема – 6,2 млн. АҚШ доллары (13,5%), гүл шоқтарын жасауға немесе сәндік мақсаттар үшін жарамды басқа да жаңа гүлдер мен бүршіктер – 5,8 млн. АҚШ доллары (12,6%), басқа кесілген гүлдер мен бүршіктер – 1,4 млн. АҚШ доллары (3,1%), лалагүлдер – 1,2 млн. АҚШ доллары (2,7%), қалампыр –1 млн. АҚШ доллары (2,3%), орхидеялар – 241,3 мың АҚШ доллары (0,5%), ранункулдар – 79,2 мың АҚШ доллары (0,2%), гладиоли – 7,9 мың доллар (0,02%).
Айта кетейік, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында гүлге сұраныс ерекше артатыны белгілі. 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында, яғни аталмыш мейрам қарсаңында Қазақстанға салмағы 1 341 тонна гүл немесе 24,6 млн дана гүл талы әкелінген, оның құны 9,5 млн АҚШ долларына тең.