×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Олжас Сүлейменов сайлаудан шеттетілді

07.03.2023, 09:47
Олжас Сүлейменов сайлаудан шеттетілді
әлеуметтік желіден

Мәжіліс депутаттығына кандидат Олжас Сүлейменов сайлауға қатысу құқығынан айырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті. Айтуынша, сайлаудан шеттетілуіне сайлау заңын бұзуы себеп болған.

“Өкінішке қарай, соттың үкімі бойынша менің үгіи-насихат жұмысымнан сайлау заңына сәйкес құқықбұзушылық табылды деген айыппен мені сайлаудан шеттету бойынша шешім қабылданған екен. Естеріңізде болса біз №5 округ тұрғындарымен кездесу мақсатында мобильді штабымызбен өз округімізді аралаған болатынбыз. Белгілі адамдар бұл жұмысты бұрмалап, ішінен заң бұзушылық тапқан екен. Біз сайлаушыларды сатып алу мақсатында емес, Алматы үлкен қала болғандықтан емін-еркін сөйлесіп, ойларын тыңдайық деген басты мақсат еді. Бүкіл креативтерімізді қосып, қызу жұмысты енді бастап жатыр едік. Өкінішті...”, – деп жазды Сүлейменов.

Ол өзіне қолдау көрсетіп, сенім білдірген азаматтарға алғысын жеткізді.

“Науқансыз да, мандатсыз да жұмысымызды ары қарай жалғастыратын боламыз. Осы додаға түсіп жатқан барша үміткерлерге сәттілік тілеймін!”, – деді ол.

Айта кетейік, Олжас Сүлейменов – Amanat партиясының өкілі.

Еске салсақ, бұдан бұрын БҚО-да Мәжіліс депутаттығына екі үміткер сайлаудан шеттетілген.