×
432.69
455.32
6.81
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
432.69
455.32
6.81

Денсаулық сақтау министрлігі «СҚ-Фармацияға» 20 млрд теңге қарыз болып қалды

20.04.2022, 13:40
Фото: Ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі «СҚ-Фармация» компаниясына қарыз болып қалды. 2021 жылы Pfizer вакцинасы «СҚ-Фармация» қаражатына сатып алынды. Ізінше Денсаулық сақтау министрлігі 20,6 млрд теңгені қайтаруға міндеттеліп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

Қаражат 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасына енгізілген. Парламент Мәжілісінің отырысында бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.

«Былтыр Pfizer вакцинасын сатып алуға «СҚ-фармациядан» қаражат алдық. Күзде 100% төлеуге мәжбүр болған едік. Бүгінгі таңда "СК-Фармация" алдындағы қарызды өтеу қажет. Егер бұл қарыз дер кезінде, мамыр айында төленбесе, онда бірыңғай дистрибьютор дәрілік препараттар бойынша жеткізушілер алдындағы өзінің шарттық міндеттемелерін орындай алмайды", – деп түсіндірді Ғиният.

2021 жылы Қазақстан корнавирусқа қарсы іс-шараларға 100 млрд теңгеден астам қаржы жұмсаған.