×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Қостанайда адам азаптаған полицейге үкім шықты

10.03.2023, 13:46
azattyq-ruhy.kz

Қостанайда адам азаптаған полиция қызметкері сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы қалалық прокуратура мәлім етті.

Ведомство дерегінше, полиция қызметкері қылмыскерді ұстаған кезде оның денесін жарақаттаған. Сот талқылауының нәтижелері бойынша бұрынғы полиция қызметкері ҚР ҚК-нің "Азаптау" бабы бойынша кінәлі деп танылды. Оған төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

"2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қылмыстық іс жүргізу кодексіне кезекті өзгерістер күшіне енді. Енді азаптау туралы істер бойынша сотқа дейінгі тергеуді прокуратура органдары жүзеге асыратын болады. Егер азаматтарға қатысты полиция тарапынан құқық бұзушылық жасалған жағдайда, олар құқықтарын қорғау үшін Қостанай облыстық прокуратурасына жүгіне алады", - деп атап өтті прокуратура.

Айта кетсек, бұдан былай елдегі барлық түрмелер мен полиция мекемелері бейнебақылау камерасын орнатуға міндеттелді

Серіктес жаңалықтары